Жыл сайын азық-түлік өнімдерін өндіру қарқыны арттырылуда. Күнтізбелік жылда облыс бойынша тамақ өндірісінің 22% - ға өсуі тіркелді. Сондай – ақ, сүт өнімдерінің сұрыпталымы 200-ден 230-ға дейін, ет өнімдерінің сұрыпталымы 110-нан 125-ке дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.