Туынды қалай жасалды? Жоспарлардың орындалуына не кедергі келтіруі мүмкін? «Qazaq: history of the golden man» неге жарыққа шықты? Фильм авторлары Елбасы туралы деректі фильмнің тұсаукесер көрсетіліміне дейінгі баспасөз-маслихатында ол туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оливер Стоун – америкалық режиссер, сценарист және продюсер, Оскар сыйлығының үш мәрте иегері - фильмнің атқарушы продюсері және сұхбат алушы. Неліктен оны таңдағаны туралы Орталық коммуникациялар қызметінде директор, сұхбат алушы және режиссер Игорь Лопатенок баяндады.