Азаматтарға арналған үкімет – Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуші бірыңғай провайдер. Төрт түрлі мекеменің қосылуынан пайда болған корпорацияның құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы уақыт ішінде атқарылған жұмыс туралы баяндады.