Мемлекеттік корпорация әлеуметтік салада 44 аса төлем түрі бойынша төлем жүргізеді. Оның бесеуі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы, қалғаны республикалық бюджеттен төленеді. 2021 жылдың 6 айында мемлекеттік корпорация мамандары 815 мыңнан аса қызмет көрсетті, оның ішінде 563 мыңы корпорация мамандары, 107 мыңы электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылды. Сонымен қатар, 106 мыңы проактивті форматта, 37 мыңы композиттік форматта көрсетілді. Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов осындай мәліметтерді жария етті.