Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасына барлық қызмет салаларының 13 мыңнан астам нысаны кірді, 4 млн-нан аса пайдаланушы тіркелген. Алайда, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдардың үйде оқшаулау режимін сақтамау, халық көп жиналатын объектілерге бару, ел ішінде жүру фактілері тіркелуде. Мұның бәрі басқаларға ауру жұқтыру қаупін тудырады және коронавирустың таралуына ықпал етеді. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ashyq» арқылы шамамен 12 000 карантин бұзушы анықталғанын жеткізілді.