Сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі шаралардың бірі - вакцинация. Соңғы апталарда вакцинация қарқыны артып келеді, тәулік сайын Қазақстанда 100 мың адамға дейін егіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.