Шетелдегі ағайынды қолдау және көшіп келген қандастарды бейімдеу, жәрдемдесу еліміздің маңызды саясаттарының бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселе Елбасы Н.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың әрдайым назарында. Олар қойған стратегиялық міндеттерді іске асыру аясында шетелдегі отандастар мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды орнату және нығайту тетіктері үнемі пысықталып, жетілдіріліп отырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді.