Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалардың бірі - жыл сайын наурыз айында бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін, барлық тапсырыс берушілер сәуір-мамыр айларында құрылыс материалдарын сатып алу рәсімін бірден бастайтыны. Нәтижесінде жеткізушілер мен делдалдар өз өнімдерін белсенді түрде сата бастайды, ал кейбіреулері импорттайды, бұл сайып келгенде құрылыс материалдарының бағалық параметрлеріне әсер етеді. Не істеу керек? Ол туралы ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.