Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында бастапқы тұрғын үй бағасының өсуі 9%-ды, ал қайталама тұрғын үй бағасы 14%-ды құрады. Отандық құрылыс материалдары 19%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, импорттық материалдардың да, отандық материалдардың да қымбаттауы байқалады. Сондықтан құрылыс материалдарын өндірушілер тарапынан алыпсатарлық әрекеттер жоққа шығарылмайды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілерін анықтады.