Отандық өндірушілерге заманауи жүйелерді қолдану және халықаралық платформаларға шығу бойынша қолдау көрсету мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Консультанттармен жұмыс істеп, оқыту бойынша арнайы жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистің сұрағына берген жауабында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.