Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта орналасқан. 14 шілдедегі жағдай бойынша елімізде COVID-19 оң нәтижесімен 466 792 науқас және КВИ– 58 086 жағдайы тіркелген. КВИ жұқтырған науқастардың 90%- дан астамы сауығып кетті, оның ішінде 418 228 науқаста КВИ+ және 53 мыңнан астамында КВИ– болған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді.
ҚР үш аптаға жуық уақыт бойы қызыл аймақта тұр – Денсаулық сақтау министрлігі
Тегтер:
денсаулық сақтау