Биыл 20 шілде күні сағат 07.00 республика аумағында қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда Құрбан айт намазы оқылады. «Қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.