Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында биыл алғаш рет 30 грант берілетін болады. Грантты тағайындаудың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов хабарлады.