Жобаны жүзеге асыру барысында «аз құжат – көп идея» ұстанымына баса назар аударылады. Яғни талап етілетін құжаттар көлемі барынша аз, ал жаңа идеялардың көп болуы аса маңызды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов мәлімдеді. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады.