Вакцина алғаннан кейін ауырған қазақстандықтардың саны 0,09%. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Оның мәліметінше, бүгінгі таңда вакцинациядан кейін індет жұқтырудың 4765 жағдайы тіркелген. Бірінші кезеңнен кейін – 2384, екінші кезеңнен кейін – 2381.