«Samruk-Kazyna Trust» қоры «Қазақстан мұғалімі» ұлттық жобасын қолдайды, себебі қазірдің өзінде еліміздің білім беру саласының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруда. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының корпоративтік қызметінің басшысы Мирас Іргебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.