Қазақстандық боксшылардың Олимпиадада жеңіске жетуіне не кедергі болды? Бәлкім, судьялар қысым көрсеткен шығар? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер негізгі спорттық іс-шарада сәтсіз өнер көрсетуіміздің себебі осы шығар деп пайымдады. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев мұндай болжамнан бас тартты.