Егер Олимпиадада нәтижелер нашар болса, спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін сыйақы төлемдері азайтыла ма? Нашар нәтижелер болмайды, нақты жауап та жоқ. Алда әлі бір апта уақыт бар, яғни жеңіске жету мүмкіндігі жеткілікті. Қазір отандық спортшылармен бірге Олимпиада астанасының ортасында жүрген спорт комитетінің төрағасы Серік Сапиев осындай сенімін білдірді.