ҚР Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры атлеттердің Олимпиададағы жетістіктерін лайықты деп атады. Бұл туралы Алдияр Нұралинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Ол әріптестерін ұлттық марапаттар қоржынына қосқан үлесіне оң баға беріп, жеңісімен құттықтады.