Токиода Олимпиада ойындары ең жоғары деңгейде ұйымдастырылған, бірақ пандемияға байланысты белгілі бір қиындықтар бар – күн сайын ПТР тапсыру, бұрын болмаған санитарлық шектеулер. Жеңіл атлетикадан қазақстандық команданың бас бапкері бұған дейінгі төрт жылдық ойындардың басқа ешқандай айырмашылықтарын атап өтпеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Токиодан тікелей байланысқа шыққан Дмитрий Карпов мәлімдеді.