«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2012 жылы педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында құрылды. 9 жыл ішінде «Өрлеу» орталығында еліміздің 623 482 педагогі оқытудан өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова мәлімдеді.