«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсын әзірлеу кезінде неге сүйендік? Неліктен тыңдаушылардың цифрлық «тәжірибесі» мен дағдылары ескерілмеді? Жас мұғалімдерге көптеген платформаларды түсіну қиынға соғады ғой. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасына өзекті сұрақ қойылды. Әсел Мұхаметжанова әзірлеушілердің басты қағидаты – тегін қолжетімділік және кеңінен қамту деп жауап берді.