10 тамыздан бастап қазақстандықтар вакцинаның екі компонентін алған немесе егілмегендер апта сайын ПТР тест тапсырып, нәтижесі теріс болған жағдайда, сондай-ақ егілуге медициналық қарсы көрсетілімдері болса ғана жұмысқа жіберіледі. Бірақ вакцинацияланған адам ұжымда инфекция тасымалдаушы болмайтынына кепілдік бар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистің сұрағына профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман жауап берді.