Боксшы Сәкен Бибосыновтың жеңілісі - төрешілердің мойнында. Оның алтын медаль жеңіп алу мүмкіндігі болды, бірақ адами факторы орын алды ма? Олимпиадада жекпе-жек өтіп жатқанда осындай сұрақ жанкүйерлерді ғана мазалаған жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев те өз пікірін білдірді.