Жер қойнауын пайдалану саласында жүргізіліп жатқан реформалар жер қойнауын пайдалану саласындағы бәсекеге қабілеттілікті, технологиялық және кәсіби деңгейді арттыруға, инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, жұмыс орнын құруға және әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев мәлімдеді. Оның мәліметінше, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес, көмірсутектер бойынша 251 келісімшарт жасалды. Оның ішінде барлау – 45, өндіру -85, бірлескен барлау және өндіру – 110.