Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған гранттар байқауы «Әрекет» жобасының аясында іске қосылады. Кәсіпкерлер жоба аясында қарастырылған арнайы білім беру бағдарламасы аясында іріктеуден өтіп, біліктілігін арттыруы керек. Оның басты мақсаты – коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, оларды бизнес жүргізу дағдыларына үйрету және әлеуметтік проблемаларды кәсіпкерлік тәсіл арқылы шешу. «Samruk Kazyna Trust» қорының ресми өкілі - корпоративтік қызмет басшысы Мирас Іргебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте толық ақпаратты ұсынды.