Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін белгілі бір тәжірибесі және әлеуеті бар. Оның жекелеген бағыттары мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту және Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры желісі бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы орындалып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің басқарма басшысы Шолпансәуле Момбекова мәлімдеді.