Бүгінгі таңда «жайылым айналымы» сөзі қолданылмайды, бірақ бұл ұғым мал шаруашылығының тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Жайылым айналымының болмауы бүгінгі күні еліміздің әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында жайылымдық жерлердің 20%-дан 50%-ға дейін тозуына әкелді. Түсетін жүктеме артады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлім етті.