Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жаңғырту және қызмет көрсету тетіктерін жетілдіру, оның ішінде электрондық форматқа көшіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов хабарлады.