Қазіргі кезде нақты шешімдер қабылданып жатыр. Алдағы Әлем біріншілігінде жанкүйерлерімізді қуантамыз деген сенімдеміз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Олимпиадада боксшылардың сәтсіздікке ұшырауына қатысты қойылған сұраққа берген жауабында Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті Бақтияр Артаев мәлім етті.