2016-2020 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 151 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлік негіздерін оқыды. 40 мыңнан астам адам өз ісін ашты. 36% - микрокредиттер және 64% - «Еңбек»бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру есебінен. Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар 59%-ды құрайды, қалғандары – ауыл шаруашылығы емес бизнес түрлері (қызмет көрсету, сауда, өндіріс). 4 жыл ішінде 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоба қысқа мерзім ішінде онлайн режимге ауыстырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов хабарлады.