2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жалпы кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 150 мың адам білім алды. Соның ішінде 100 мыңнан астамы кәсіпорын ашты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Бастау Бизнес» жобасының Павлодар өңіріндегі бизнес-тренері Ақмарал Сайтқұлова мәлім етті.