Өткен жылы «БЖК-2025» шеңберінде бизнесті микрокредиттеу бағдарламасы басталды. Осы бағыт шеңберінде 5 млн теңгеге дейін кредит, инвестициялық мақсатқа 20 млн теңгеге дейін айналым қаражаты беріледі. Бұл ретте, 5 млн.теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады.