Мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларынан басқа, Үкімет бизнеске жүктемені төмендетуге, сұраныс нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге, жаңа реттеушілік саясатты енгізуге бағытталған бірқатар өзге де шараларды қабылдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.