«Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламары іске қосылғаннан бері олардың аясында несиелердің жалпы сомасы 5,3 триллион теңге құрайтын 68,5 мың жобаға қолдау көрсетілді. Несие мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша жалпы несие сомасы 4,5 триллион теңгелік 44 мың жобаға қолдау көрсетілді. Несиелерге кепілдік беру құралы бойынша 24,5 мың жобаға қолдау көрсетілді, олардың жалпы несие сомасы 747 млрд теңгеге тең. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Әлия Ағыбаева осындай деректерді жария етті.