Мемлекет басшысы өз Жолдауында аудан әкімдерін сайлауды енгізу жоспарланып отырғанын тағы да растады. Бұл сайлау бойынша пилоттық жобаны қайда өткізу керек? Бұл мәселе бойынша болжамдар қандай? Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеевтің пікірінше, әкімдерді сайлау пилоттық жобасын барлық өңірлерде қолға алу керек. Бұл азаматтардың сайлау белсенділігі, сайлау процестерін ұйымдастыру тұрғысынан жағдайдың қандай екенін түсінуге мүмкіндік береді.