Қазақстанда елдегі ғалымдар санын 1,5 есеге арттырып, 34 мыңға дейін жеткізу көзделген. Ұлттық жоба аясында 2025 жылы осы мақсатқа қол жеткізілмек. 2020-2021 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі 2 есеге ұлғайды. Биыл қаржыландырудың жалпы көлемі 83 млрд теңгеден асады. Соның арқасында былтыр ғылым комитеті 5 грант және 2 бағдарламалық конкурс жариялады. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 1164 жоба қаржыландырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және Ғылым министрлігі ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева хабарлады.