Дін саласындағы түйіткілді мәселелердің бірі, теология, исламтану, дінтану саласындағы мамандарды даярлау. Қазіргі кезде бұл мәселе шешімін тауып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді. Клуб шеңберінде Комитет жастар қоғамдастығы өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізетін болады. Бұл платформа жастарды дін саласындағы проблемаларды бірлесіп шешуге тартуға және олардың әлеуетін елдегі діни экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мәселелерінде пайдалануға мүмкіндік береді.