Қосшы қаласының тұрғын үй кешендерінің бірінде паранджа жамылған әйелдерді көрдім. Сонымен қатар, мұғалімдер мен мектеп директорлары деструктивті ағымдарды ұстанатын қыздардың ата-аналары хиджабты кимешек деп атап, мектептерді қоршап алады деп шағымдануда. Біз идеологиялық тұрғыдан ұтылып отырмыз. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановқа осындай өзекті сұрақ қойды.