Бүгін, Халықаралық көгілдір аспан үшін таза ауа күні, БАҚ өкілдеріне арналған байқаудың қорытындысы жарияланды. Сарапшылар климаттың өзгеруіне қатысты алаңдатарлық болжамдарға тағы да назар аударды. Бұл мәселелердің барлығы байқауға ұсынылған мақалаларда қамтылған. Жалпы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 50-ге жуық мақала жіберілді. Барлық ұсынылған мақалалар БҰҰ комиссиясының  мұқият іріктеуінен өтті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори таңдау жасау қиын болғанын айтты.