Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, атап айтқанда, көлік қозғалысын 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Нәтижесінде, өткізу қабілеті тәулігіне 8 есе артады. Шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев хабарлады.