«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында наурыз айының соңында 5800 км автожолға төлем алу жүйесінің 94 аркасын монтаждау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Төлемақы алу жүйесі тестілік пайдалануға енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы хабарлады. Бұл ретте ол тасымалдаушылар тарапынан көптеген наразылық фактілеріне байланысты ақылы жүйені енгізу маусым айынан күзге ауыстырылғанын атап өтті.