Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше назар аударады. Мемлекет басшысы тарапынан және әлеуметтік желілерде сын мен жазғырулар айтылады. Салалық ведомствоның сарапшылары жағдайға талдау жасады. ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жол құрылысындағы сапаның негізгі проблемаларына тоқталды.