Жол активтері сапасы ұлттық орталығы жыл сайын жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау бойынша қамтуды ұлғайтады. Биыл республикалық желі бойынша қамту 100%-ға, ал жергілікті желі бойынша қамту 88%-ға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталықтың бас директоры Замир Сағынов мәлім етті. Ол өз бақылауларымен бөлісті. Орталық сарапшыларының пікірінше, сапасыз орындалатын жұмыстардың негізгі факторларының бірі техникалық қадағалау қызметтері тарапынан тиісті бақылаудың жүргізілмеуі болып табылады.