«Жасыл аймақта» қалай ғана ұзақ уақыт қалып отырсыздар? Статистиканы жасырасыздар ма, ешкім ПТР тапсырмай ма, әлде жұмыстар дұрыс жолға қойылғандықтан ешкім ауру жұқтырмай ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына осындай сұрақ қойылды. Аймақ 15 тамыздан бастап «жасыл аймақта» тұр.