Облыстың инфекциялық стационарларында коронавирусты емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған пациенттерді тиімді емдейді. Жыл басынан бері инфекциялық стационарларда 30 790 адам емделді. Тамыз айында – ауру шарықтаған кезде – стационарларда 7 599 пациент емделді. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 510 адам стационарлық ем алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов осындай мәліметтермен бөлісті.