Алматы облысының ауруханаларында екі айлық дәрілік заттар мен Жеке қорғаныс құралдарының қоры бар. Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында 1,3 млрд теңгеге тұрақтандыру қоры жасалды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 56 атауы қоймаларда сақталуда. Дәріханаларда дәрі тапшылығы жоқ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі коронавирусқа қатысты жағдай және оған қарсы күрес туралы баяндады.