Күн сайын мониторингтік топтар Алматы облысы тұрғындарының карантин режимін сақтауы бойынша рейдтік жұмыс жүргізеді. 1 қыркүйектен бастап 5 мыңнан астам нысанда 1295 рейд өткізілді, карантин режимін бұзушыларға қатысты шаралар қабылданды. Оның ішінде, қыркүйек айында 67-сі тексерілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов осындай мәліметтерді келтірді.