Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Облыста індет басталғалы 49500 адамнан COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталды, оның ішінде соңғы тәулікте 98 жаңа жағдай тіркеліп отыр, осы аралықта сырқаттанған науқастардың 93%-ы сауығып шықты.