Оқулықтарды аудару және оларды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі аудармашылар, журналистер мен жазушылар арасынан іріктелген редакторлар, барлығы 300-ден астам маман қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.